Гонконгта вирус жұқтырғандар көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконгта індеттің таралуы күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Арнайы әкімшілік аймақта соңғы бір күнде 10 мыңнан аса адам вирус жұқтырған. Бұл кейінгі кезде болмаған жағдай. Сарапшылар наурыз айында дертке шалдыққандар қарасы бұдан әлдеқайда артуы мүмкін дейді.
Енді жергілікті билік аймақта тағы 5 емдеу орталығын салмақ. Осының арқасында адамдарды орналастыратын орын тағы 50 мыңға артады. Бұдан бөлек билік өңірдегі 7 миллион тұрғынның бәрін тестілеуден өткізбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 341 адам алаяқтардың арбауына түскен
Өзгелердің жаңалығы