Гонконгта мектеп түлектері емтихан тапсырып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Гонконг оқушылары қорытынды емтихан тапсырып жатыр. Ол коронавирус пандемиясына байланысты бір айға шегерілген еді. Бұл туралы RTHK хабарлады.
Тест тапсыру барысында сақтық шаралары күшейтілген. Емтиханға кірмес бұрын әр оқушының дене қызуы үш рет тексерілуде, рұқсат алу үшін ол 38 градустан аспау керек. Оқушылар сондай-ақ денсаулық жағдайы жөніндегі декларацияны толтырған.Оқушылар тест тапсыру үшін бетперде киген және 2 метр ара қашықтықпен отырғызылған. Билік мектеп түлектеріне Гонконгтегі эпидемиялық жағдай жақсарған соң ғана емтихан тапсыруға рұқсат берген. Соңғы 12 күнде коронавирус жұқтырғандар саны бірлі жарым ғана.
23 сәуір күні тек екі адамнан ғана инфекция анықталған. Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1035, төрт адам көз жұмған.
Гонконгте коронавиурс жұқтырған алғашқы адам 22 қаңтарда тіркелген. Ол Ухань қаласынан келген турист.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайрамдық кәсіпкер 2 млн теңгенің демеушілігін көрсетті
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы