Гонконгта химиялық кәсіпорында апат болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға жылына 100 мың тоннаға дейін химиялық қалдықты өңдей алатын мемлекеттік кәсіпорында болды. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.
Химиялық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорында конструкциялардың құлауы салдарынан кем дегенде 10 адам жарақат алған.Ол - 1993 жылдан бастап Цинъи аралында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорын. Дәрігерлер зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр деп отыр.
Апат орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Олар үйінділердің астында қалған төрт адамды алып шықты. Нысанның экологиялық қауіпсіздігіне келген зиян мен қауіп-қатердің шығыны есептеліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін – халықаралық блогерлер күні
Өзгелердің жаңалығы