Бүгiн 2026, 19:51 Фото: pixabay.com

Гонконгқа қатысы бар 100-ге жуық кеме Ормуз бұғазынан өте алмай тұр

Гонконгқа қатысы бар 100-ге жуық кеме Ормуз бұғазынан өте алмай тұр

Гонконгқа қатысы бар шамамен 100 кеме Ормуз бұғазында бөгеліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ  South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Гонконг кеме иелері қауымдастығының төрағасы Ричард Хекст мәлімдеді.

Әңгіме Гонконгта тіркелген кемелер, сондай-ақ гонконгтік компаниялардың меншігіндегі немесе басқаруындағы теңіз кемелері туралы болып отыр.

Аталған кемелердің бортында шамамен 2,3 мың теңізші бар.

Хекстің айтуынша, қалыптасқан жағдай кеме қатынасы саласы өкілдерін қатты алаңдатып отыр. Себебі Ормуз бұғазы әлемдік теңіз саудасы мен энергетикалық тасымалдың негізгі бағыттарының бірі саналады.