Гонконг полициясы наразы топқа оқ атты
Алматы, BAQ.KZ. 11 қараша күні Гонконгтағы кезекті наразылық акциясы кезінде полиция тебельді қарудан оқ атты. Бұл туралы RTHK радиосы хабарлады.
Оқиға Сай Ван Хо ауданында болған. Бетперде киген көтерілісшілер көше жиегіндегі қоқысты шашып, көліктердің жүрісіне кедергі келтіруге әрекеттенген. Тәртіпбұзушылықтың алдын алу кезінде полицейлердің бірі тапаншасын шығарып өзіне шабуыл жасаған адамды атып тастаған. Оқ тиген адам құлап қалған, жағдайы белгісіз. Одан кейін тағыда бірнеше оқ атылған.Бір топ көтерілісші таңертең көлік көп жүретін кезде қалада хаос жасамақ болды. Көптеген көшеде көлік кептелісі орын алды. Полиция наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, - делінген хабарламада.
Гонконгта наразылық акциялары жаздың басынан бері өтіп келеді. Бастапқыда халық үкіметтің құқықбұзушыларды Қытайға тапсыру жөніндегі заң жобасын қабылдауына қарсы шыққан болатын. Алайда заң жобасы қайтарылып алынғанына қарамастан оппозиция жақтастары мен жастар тәртіпсіздікті жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы