Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) ісін жүргізетін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн боксшының рингке оралатын уақытын айтты. 

GGG-де міндетті қарсылас Камил Шереметамен шамамен қарашаға жекпе-жек бойынша келісімшарт бар. Геннадий оны жеңу керек, содан кейін, келесі жылы «Синко де Майо» мерекесінде «Канеломен» жұдырықтасады деп үміттенеміз. Әлем қалыпты өмірге оралғанда, - деп келтіреді промоутердің сөзін DAZN.

Биыл Головкин де, Альварес те бір ғана жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде. Ал Сауль Альварес 12 қыркүйек күні екінші орта салмақта WBA супер чемпионы Каллум Смитпен жұдырықтасады. 

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өтті. 2017 жылы өткен бірінші кездесуде боксшылар тең тарқасса, екінші айқаста  «Канело» төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы