Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс туралы танымал твиттер-аккаунт Boxing Kingdom орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Брэндон Адамс арасындағы жекпе-жек жақын арада ресми мәлімделетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«GGG — Брэндон Адамс жекпе-жегі осы аптада хабарланады. Жекпе-жек 8 маусымда өтеді», — деп жазылған твиттерде. 

Осыған дейін британдық сайт WorldBoxingNews.net Головкин Нью-Йоркта рингке қайта оралады деп жазды. Лос-Анджелес, Лас-Вегас және Сан-Антонио секілді орындарда да өтуі мүмкін.

Алдағы жекпе-жек Головкин үшін үшжылдық келісімшартқа отырған DAZN сервисіндегі дебюті болмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы