Головкинмен шаршы алаңға шығудан тағы бір мексикалық бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) тағы бір әлеуетті қарсыласынан айырылып қалды. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
GGG өзінің жоспары бойынша қыркүйек айында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі керек болатын.
Ақпараттарға сенсек, Головкин бірінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) де келіссөздер жүргізген еді. Алайда, бүгін мәлім болғандай Мунгия екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Джесси Варгаспен (29-2-2, 11 KO) жұдырықтастады. Варгас өзінің твиттерінде Мунгиямен өтетін келіссөздер туралы белсенді жазып жүр.
Айта кетейік, DAZN Альварестің қарсыласы ретінде Головиндік емес, украиналық Сергей Деревянченконы құп көрген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда мина жарылып, автобустағы 34 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы