Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ боксшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын! Қазақстанда чемпиондар көп болсын. Құтты болсын, – деп жазды Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы