Головкин XXI ғасырдың ең мықты 3 боксшысының қатарына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшаның Polsat Sport спорт телеарнасының сайты Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуын "жыл оқиғасы" деп бағалады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.
Ол 440 күннен кейін қайта оралды. Көптеген адамдар оның «Канело» Альварес, Джейкобспен және Деревянченкомен болған жанкешті айқастардан соң 38 жасында бұрынғыдай атағы жер жарып тұрған даңқты боксшы болудан қалды, енді ол тек Triple G-дің көлеңкесі ғана бола алады деп ойлады. Алайда олай болмай шықты. Ол әлі аты әлемге әйгілі боксшы. Өзінің мықты екенін Камил Шереметаны 1-ші, 2-ші, және 4-ші және 7-ші раундтарда канвасқа жібере отырып, дәлелдегені өкінішті. Әрине ол өзінің орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды, - делінген мақалада.
Айта кетейік, Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең мықты 3 боксшысының қатарына кірді. Танымал Give Me Sport басылымы ғасырдың ең үздік 50 боксшысының есімін атады. Бұған қоса, GGG ESPN ұйымының P4P рейтингінің үздік ондығына енді.
Сонымен қатар, ол «Канелоға» қарсы кездесулерде оған ең көп дәл соққы жасаған боксшы атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2021 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы