Головкин - Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF титулына үміткер поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Мен Геннадий Головкиннің командасымен байланыстамын. Біз қазанның екінші немесе үшінші сенбісінде немесе қарашаның бірінші сенбісінде жекпе-жек өтеді деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бізде ешқандай сенімділіктің болмауы қорқынышты. Бәрі өзгеріп кетуі мүмкін, - деп келтірді Василевскидің сөзін TVP Sport.
Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин - Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді. Бастапқыда спортшылар осы жылдың ақпан айының соңында кездесуі керек еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хакерлер iOS 14-ті бір аптада бұзып тастады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы