Головкин Парижде қазақ боксшыларымен кездесті

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Парижде қазақ боксшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Головкин олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларымен кездесті. Боксшылардың дайындығына арнайы тоқталып, сәттілік тіледі. Париждегі бокс бәсекесі 27 шілде күні басталады. Жеребе тарту рәсімі 25 шілде күні өтеді. Одан кейін барып ресми кесте жарияланады. Париждегі бокс бәсекесіне Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Париж олимпиадасының басталуына 3 күн қалды. Қазіргі уақытта спортшыларды қолдау мақсатында Париж көшелеріне Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы ілінді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Өзгелердің жаңалығы