Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) промоутер Эдди Хирн DAZN стриминг компаниясымен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы келіскенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның мәліметтеріне сәйкес, міндетті үміткер поляк боксшысы Камил Шереметамен жекпе-жек 11 сәуірде өтеді.Коппинджердің мәліметінше, жекпе-жек өтетін орын әзірше белгісіз. Оның айтуынша, таңдау Чикагодағы (АҚШ) Wintrust аренасы мен Қазақстан арасында тұр.
Еске салсақ, Головкин былтыр қаңтарда Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF бос титулын иеленген. Сол кеште Шеремета АҚШ-та дебют жасады, ол мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке сайланды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы