10 Қаңтар 2020 2020, 15:14
"Келісім жасалды!" Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің өтетін күні жақында жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің өтетін күні жақында жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxing Kingdom Twitter-аккаунты хабарлағандай, тараптар келісімді егжей-тегжейлі зерттеп, мақұлдасқан, енді тек өтетін күнін жариялау ғана қалды.
Келісім жасалды! Геннадий Головкин - Камил Шеремета кездесуі. IBF міндетті қорғауы. Ресми хабарландыру жақын арада жарияланады, - деп жазылған Twitter желісіндегі парақшада.
Еске сала кетелік, Головкин мен Шеремета арасындағы өтуі тиіс жекпе-жек өткен жылдың күзінен бері айтылып келеді. Қос боксшының келісімге келе алмай жүргені жайлы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер пайда болды. Тіпті жыл басында кездесу кейінге шегеріледі деген де сыбыс шыққан болатын.