Головкин мен «Канелоның» үшінші айқасы қашан өтеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен және екінші орта салмақ санатында WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль «Канело» Альвареспен жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн Sports Illustrated-ке берген сұхбатында биыл қыркүйек айында олардың үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Бастапқыда Альварес 18 қыркүйекте екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен жұдырықтасуды жоспарлаған еді, алайда, олардың келіссөздері сәтсіз аяқталды. Журналист Крис Мэнникс Matchroom Boxing басшысынан оның орнына GGG және «Канелоның» үшінші айқасын өткізу мүмкін бола ма деп сұрады.
Жоқ, мен бұл жекпе-жек қыркүйекте болуы мүмкін екеніне сенбеймін. Геннадий Муратамен желтоқсандағы айқасқа дайындалғанын білемін. Головкин – «Канело» 3 жекпе-жегі екеуі де рингте өнер көрсеткенше қашан да өзекті болады, ол келесі жылдың мамыр айында болуы мүмкін деп ойлаймын. Бірақ менің ойымша, біздің келесі шешіміміз «Канело» 18 қыркүйекте жұдырықтаса ма, әлде біз биылғы жылы тағы бір жекпе-жек өткізіп, Плантпен жекпе-жектің бағытын өзгерте ме жоқ па, сол болмақ, - деп жауап қайтарды Хирн.
Айта кетейік, Головкин мен Муратаның айқасы осы жылы 28 желтоқсанда өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Қазақстандық балуандар қай күні белдеседі?
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы