Головкин мен Альварес 2020 жылы қайта жұдырықтасады

Алматы, BAQ.KZ. DAZN стримингтік қызметінің Солтүстік Америкадағы атқарушы вице-президенті Джо Марковски Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында үшінші кездесудің жоспарланып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz. 

"Келісімшарттың майда-шүйдесіне тоқталмай-ақ қояйын, дегенмен бұл жекпе-жек келесі жылы өтеді. Канелоның командасы бұл келіссөздерде А тарапы болатыны белгілі. Ол мықты жекпе-жектер өткізуді қалайды, алайда жұрт "Канело" – GGG трилогиясына куә болғысы келеді және Альварес пен Golden Boy басшылығы мұны жақсы түсінеді", - деді Марковски Boxingscene порталына берген сұхбатында.

Келіссөздер 2 қарашада басталады. 

"Біз келіссөздерді 2 қарашадан кейін жүргіземіз. Олармен жүздесу проблема тудырмайды. Біз Альварестің салмақ көтеру туралы ойын құрметтейміз", - деп сөзін аяқтады вице-президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы