Головкин кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жекке дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы диетолог Джеймс Локвуд өзінің Инстаграмдағы парақшасында жариялады. Джеймстің парақшасындағы фотода Локвудтың өзі, Геннадий Головкин, оның жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс, сондай-ақ қазақстандық боксшы Али Ахмедов бар.
Жұмысқа оралдық, - деп жазды Локвуд.
Еске салайық, Головкиннің келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы - поляк Камиль Шеремета. Польшалық боксшы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионына үміткер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы