Головкин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Головкин Facebook парақшасында құттықтау видеоролигін жариялаған. Видеодан жерде боксшы мемлекеттік Тудың жанында жаттығулар жасап, ұлттық шапанда рингке шығып бара жатқан сәттерін көруге болады. 


Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы