Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы чемпиондық титулдарын 21-ші рет қорғады. Сөйтіп, жаңа рекорд орнатты.
Бүгін Холливудте (АҚШ-тың Флорида штаты) кәсіпқой бокс кеші аяқталды. Кештің басты жекпе-жегінде IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) мен польшалық Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) кездесуі еді.
38 жастағы отандасымыздың қарсыласы бірінші және екінші раундттарда-ақ нокаут алды.
Ал жетінші раундтан кейін Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты.
Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
427 адам коронавирустан емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы