Головкин - Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы айқас 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады.

Бұл туралы  Sports.kz хабарлады.

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.

Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. Бұған дейін Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілген болатын. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.

Бұл қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ.

Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы