Головкин - "Канело" трилогиясы бойынша жаңа мәліметтер пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Asapland.com порталының хабарлауынша, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес 2020 жылы Геннадий Головкинді қоса алғанда екі біріктірілген жекпе-жек өткізбекші, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канелоның" жоспары 2020 жылы британиялық Билли Джо Сондерспен және қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесулер өткізіп, атақтарды біріктіру болып отыр. Егер Головкин поляк боксшысы Камил Шереметамен кездесуде өзінің IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын қорғай алса, "Канело" GGG-мен кездесуді мексикалықтар үшін атаулы күн - 15 қыркүйекте өткізбекші", - деп хабарлайды портал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гонконг тәртіп сақшылары ереуілге шыққандарға қарсы күш қолданды
Өзгелердің жаңалығы