Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегінің өтуі мүмкін уақыт жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Showtime телеарнасының сарапшысы Эл Бернштейн қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін уақытты айтты.
Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлады.Меніңше, олардың үшінші жекпе-жегі 2021 жылдың бірінші тоқсанында өтеді, – дейді Бернштейн.
"Канелоның" келесі жекпе-жегі қыркүйекте болады деп күтілып отыр. Оның қарсыласы әлі белгісіз. Головкин қыркүйек пен қараша уақытында рингке оралып, IBF-тегі міндетті қарсылас, польшалық Камил Шереметамен кездеседі (21-0, 5 КО).
Еске салайық, 2017 жылы Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталды, ал 2018 жылы екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Альвареске берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Перуде бір айлық нәресте коронавирустан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы