Головкин IBF титулын қорғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген. Айқас келесі жылдың ақпан айының соңында немесе наурызда өтуі мүмкін.
Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.
Естеріңізге сала кетелік, 6 қазанда украиналық боксшы Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген Головкин Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізуге үмітті. Ал Альварес Геннадиймен шықпайтынын мәлімдеді. Дей тұрғанмен, DAZN стримингтік қызметі 13 қазанда қос боксшының арасында кездесудің өтетінін хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полиция қызметкерлері жалғызбасты анаға көмек көрсетті
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы