Головкин физикалық қалпының нашарлай түскенін айтты

Астана, BAQ.KZ. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) рингке оралар алдындағы физикалық қалпы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин келесі жұдырықтасуы маусымға жоспарланған, ал жаттығу лагерін сәуірде бастамақ. Бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық ынтымақтастық аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.

"Күнделікті өмірде өзімді жақсы сезінемін, бірақ, көптен бері залда болмадым. Мүмкін жоғалтып алғаным бар шығар. Егер бір нәрсе жоғалтқан болсам, бұл басқа боксшылар үшін қызықтырақ, тартымдырақ жағдай жасауы мүмкін", - дейді Головкин.

Сонымен бірге, қазақстандық келесі жекпе-жегін кіммен өткізерін білмейтінін атап өтті. Алайда ол көрерменге қызық болатын қарсылас таңдағысы келеді екен.

Головкин соңғы рет былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы