Головкин Деревянченкомен титулдық кездесуі алдындағы жаттығуын қалай өткізуде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Big Bear жаттығу лагеріндегі өзінің жұмысын көрсетті. Видеоны ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
Қазақстандық боксшы қайтадан орта салмақта чемпион болуға дайындалып жатыр.
GGG орта салмақта IBF чемпионының белбеуі үшін болатын жекпе-жегі үшін дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Аталған белбеу үшін қазақстандық боксшы украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жұдырықтасады. Кездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
«Кездесуге дейін 23 күн қалды», - деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда әйелді ит талап өлтірді
Өзгелердің жаңалығы