Головкин Биволды жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой қазақстандық боксшы Генадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады.

8 мамырға қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile стадионында ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлады championat.com.


Спортшылар WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта бокстан әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
12 раундқа созылған тартыста жеңісті ресейлік файтер Дмитрий Бивол алды, ол үшін бұл жеңіс оның мансабындағы 20-шы жеңіс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы