Головкин – Альварес. Адамдар тең нәтижені көргісі келмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс әлеміне әйгілі жаттықтырушы Джоэль Диас қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жектің ерте ме, кеш пе өтуі керек екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Бапкердің ойынша, үшінші кездесу дау-дамайға нүкте қою үшін керек.
Үшінші жекпе-жек өткізілуі керек. Неге? Талас-тартысты шешу үшін. Әркімнің өз пікірі бар, әрине, жанкүйерлер тағы бір жекпе-жекті көргісі келеді. Мүмкін үшінші жекпе-жекте бір боксшы сенімді жеңіске жететін шығар. Бұл адамдар көргісі келетін нәрсе. Адамдар тең дәрежедегі жекпе-жекті көргісі келмейді, тең нәтижені де көруге ниетті емес. Жанкүйерлер қос боксшының бірі сенімді жеңіске жеткенін қалайды деп ойлаймын. Менің ойымша, бокс жанкүйерлері үшінші жекпе-жекте айқын жеңісті көруге лайықты. Бұл дау-дамайды шешудің ең жақсы тәсілі, - дейді Диас.Бұған дейін Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес Альвареспен үшінші жекпе-жек өтсе, қазақстандыққа тиімсіз болатынын айтқан еді.
Айта кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Агросекторды қолдау арқылы президент ұтымды қадам жасады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы