Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс туралы жазатын Boxing Life твиттер парақшасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

Басылым мәліметінше, мексикалық боксшының командасы үшінші жекпе-жекте Головкин үшін қолайсыз талаптар қойып, қысым жасауы мүмкін.

Канелоның» командасының мүмкідігі жоғары. Сондықтан олар Головкинді супер орта салмақта (екінші орта салмақ) жұдырықтасуға шақыруы ғажап емес. Сонымен қатар DAZN да үшінші жекпе-жекті тезірек ұйымдастыруға қысым жасайды. Өйткені оларды Головкиннің жасы ұлғайып бара жатқаны алаңдатады, - деп жазады Boxing Life.

Ал бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің желтоқсан айында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, "Канело" мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы