Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Matchtv.ru ақпаратына сәйкес Геннадий Головкин WBA суперчемпионы болғанын, сондай-ақ былтыр Японияда Рёта Муратаға қарсы жекпе-жекте орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіргенін мақтан ететітін айтты.
Геннадий боксқа қайта келуге ниетті. Дегенмен бұндай шешім қабылдауға келесі жекпе-жекті жоспарлау және ұйымдастыруда маңызы бар бірнеше себеп түрткі болды. Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуға өтінім беру мерзімі аяқталып бара жатқандықтан, Головкин бұл процестің ұзаққа созылғанын қаламайды. Осылайша, Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартатынын ескерсеңіздер екен, - делінген Головкиннің өкілі Джон Хорневердің WBA-ге жолдаған хабарламасында.
Айта кетейік, Головкин өзінің карьерасы барысында 42 рет жеңіске жетті, екі рет жеңілді және бір жекпе-жегі тең ұпаймен аяқталды.