Голливудтың аңызға айналған актері Чак Норрис өмірден озды
Чак Норрис 86 жасында дүниеден өтті.
АҚШ-та танымал актер Чак Норрис 86 жасқа қараған шағында денсаулығының күрт нашарлауынан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін актердің ауруханаға түскені белгілі болған еді.
Басылымның жазуынша, актер көрермен есінде «Айдаһар жолы» (Путь дракона), «Жалғыз қасқыр Маккуэйд» (Одинокий волк Маккуэйд), «"Дельта" жасағы» (Отряд “Дельта”), «Үнсіздік кодексі» (Кодекс молчания) және «Ұсталмайтындар 2» (Неудержимые 2) фильмдері арқылы қалды.
10 наурызда актер 86 жасқа толған туған күнін атап өтіп, әлеуметтік желіде жаттығу жасап жатқан видеосын жариялаған болатын:
Мен қартайып жатқан жоқпын, мен жаңа деңгейге өтіп жатырмын. Бүгін мен 86-ға толдым! Күн шуақты күні жаттығу жасаудан артық ештеңе адамды жас сезіндіре алмайды. Тағы бір жылды артқа тастағаныма, мықты денсаулығыма және сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндігім барына ризамын, - деп жазған болатын ол сол күні.