Голан жоталарында бітімгерлер рәміздер күнін атап өтті

БҰҰ UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағындағы Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлік контингент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.

Тәуелсіздікті, халықтың бірлігі мен Отанға деген мақтанышты бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңызы аталып өтті.

Қазақстандық бітімгерлер жырақта жүріп, халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне үлес қосу арқылы мемлекеттік құндылықтарды сақтап, әрі құрметтеп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы