Годунова МЖӘ алдындағы республиканың қарызын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова  Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Қазіргі таңда 812 МЖӘ жобасы жүзеге асырылып жатыр. Республика мен өңірлердің олар бойынша жалпы қарызы 1 трлн 600 млрд теңге болды. Жұмыста тағы 1 трлн теңгеден астам 150 жобаны жүзеге асыру мақсаты  тұр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тиімділігін сараптау нәтижесінде 1 теңге тартылған инвестицияға 1,2 теңге мемлекеттік қызмет келеді. Көп жоба бойынша мемлекеттік қызмет олардың құнын өтеп тұр. Бұл мемлекеттің жеке компаниялар алдындағы қарызы деген сөз. Нысанның құны көп жағдайда қымбат болады, - деді ол. 

Годунова атағандай, биыл бюджеттен төленген қаржы 158 млрд теңге болса, 2023 жылы 173 млрд теңге болады. 

Сондықтан МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мен әлеуметтік-экономикалық әдісі мен бюджетке түсетін салмақты төмендету қарастырылып отыр, - деді Наталья Годунова. 

Айта кетейік, Парламент палаталарының жалпы отырысында былтырғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы қаралып жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы