Годунова: Бюджетке 1,7 млрд теңге қайтарылды

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова бюджетке 1 млрд 700 млн теңге қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Годунованың сөзінше, аудит шеңберінде Су ресурстары комитеті (АШМ және Экология министрлігі құрамында) және «Қазсушар» РМК-да шамамен 68 млрд теңге бюджет қаражаты және 693 млрд теңге активтерге тексеріс жүргізілді.

3 млрд 300 млн теңгеге заңбұзушылықтар, 56 млрд теңге болатын бюджет қаражатын және қарызды тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды. Сондай-ақ 2,5 млрд теңгеге экономикалық шығын келген және пайда табу мүмкіндігінен айырылған, - деді Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова.

Ол атап өткендей, бүгінде бюджетке 1 млрд 700 млн теңге (51%) қайтарылды. Әкімшілік айыппұлдар салынды. Құқық қорғау органдарына 4 материал берілді. Бір іс бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі сот үкімі шығарылды.

Кәсіпорынға бюджет қаражатының айтарлықтай құйылуына қарамастан барлық проблема су ресурстарын басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімсіз ұйымдастырумен байланысты болып отыр, - дейді Наталья Годунова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы