Глубокоеда екі пәтерлі 24 үй салынады – ШҚО
Глубокое ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасын іске асыру жалғасады. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, өткен жылы өңірдің 5 ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 7 жеке тұрғын үй салынған. Тағы 13 пәтер Глубокое кентінде орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, биыл өңірде екі пәтерлі 24 үй салу жоспарлануда. Барлығы 48 отбасыға шақталған бұл үйлер Белоусовка, Кожохово, Черемшанка, Быструха, Бобровка, Прапорщиково, Тарханка, Березовка, Веселовка, Заречное, Перевальное, Предгорное және Уварово ауылдарында бой көтеретін болады. Бұқ мақсатқа 523,7 миллион теңге бөлу қарастырылған.
Сондай-ақ әкімдік Глубокое кентіндегі қайта жаңартылатын 3 қабатты үйден 26 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы