Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория салынады – ШҚО
Биыл Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Эльдар Тумашинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория бой көтереді.
Ауылдарға медициналық нысандар салу «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша жоспарланған.
Верхнеберезовский, Прапорщиково, Секисовка, Бобровка ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Уварово ауылында фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен 226 Разъезде медициналық пункт салу жоспарлануда, - деді Эльдар Тумашинов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көне Тараз қаласы екіге бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы