Глубокое ауданында 3 мектеп салынады – Шығыс Қазақстан
«Жайлы мектеп» жобасы аясында Белоусовка ауылында биыл 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Глубокое ауданында алдағы 3 жылда 300 орындық 3 мектеп салу арқылы оқушы орындарының тапшылығын жою жоспарланып отыр.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда алдағы 3 жылда 300-орындық 3 білім ордасы, яғни 2024 жылға қарай Белоусовка кентінде, 2025 жылға қарай Опытное поле ауылында, 2026 жылға қарай Прапорщиково ауылында бой көтереді, – деді аудан әкімі Эльдар Лұқбекұлы.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Каспий – достық теңізі» мотошеруі Маңғыстауға жетті
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы