Глеб Брусенский велоспорттан Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан Душанбеде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тұғыр биігінен көрінді, деп жазады Olympic.kz. 

Топтық жарыста қазақстандық Глеб Брусенский жеңіске жетті. Күміс медальді Даниил Пронский, қоланы Николас Винокуров иеленген. 

Жарыстан бас тарту туралы ойым да болды. Себебі, Италиядан келген соң ауырып қалдым. Дене қызуым қырық градусқа дейін көтерілді. Шамам келгенше емделдім. Осы жарыс кезінде де жолдан өтіп бара жатқан сиырларды басып кете жаздадым. Жігіттер жарады, көп рахмет, - деді Глеб. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы