Гипербелсенді балалар тағдыры талқыға түсті

Астанада зейін жетіспеушілігінің және гипербелсенділіктің белгісі бар балалардың мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйінсек бүкіл әлем бойынша шамамен балалардың 5%-да және ересек адамдардың 2,5%-да зейін жетіспеушілігінің мен гипербелсенділіктің белгісі бар. Бүгін Астанада балалар психиатрларының бастамасымен «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен конференция болып өтті.

Іс-шараның басты мақсаты да сол – зейін жетіспеушілікті емдеудің және түзетудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін қолжетімді ету, тәсілдерді кеңейту арқылы ЗЖБГ бар балалар мен ересектердің өмір сапасын жақсарту, осы жолда қызмет атқаратын мамандарды қолдау.

Біздің қор көп жылдар бойы инклюзивті білім беруді дамытумен айналысады, ең алдымен аутизм, Даун синдромы, алалия және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды қамтиды. Алайда әлемдік статистикаға сәйкес орта есеппен балалардың 12%-да ЗЖБГ бар. Сондай-ақ дислексияға шалдыққан балалардың үлкен пайызы бар. Бір қарағанда, бұл күрделі диагноздар емес сияқты. Бірақ біздің білім беру жүйемізде әсіресе ЗЖБГ, дислексиясы бар балалар қатты қиналады. Көп жағдайларда ЗЖБГ-ны нашар мінез-құлықпен, жалқаулықпен, жаман мінезбен шатастырады. Сондықтан да дәрігерлерге, мұғалімдерге білім беру, ағарту өте маңызды. Медициналық және педагогикалық кадрларды оқыту, осы мәселе бойынша олардың хабардарлығы мен құзыреттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау – біздер және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жетекші уәкілетті орган ретінде Оқу-ағарту министрлігі үшін ортақ міндет, - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

Конференцияға балалар психиатры, балалар неврологтары мен педагогтер, дефектологтар, логопедтер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер мен ата-аналар да қатысты.

Өзімнің баламның бойынан осындай ерекшелікті көріп, басында қалыпты жағдай деп ойладым. Кейін балам 4 жасқа келгенде психолог мамандардан кеңес алдық. Одан соң невропотологқа көрініп, денсаулығына кері әсер ететін дәрілерді қабылдадық. Оны байқаған соң, дереу дәріні қабылдауды тоқтаттық. Осы саланың әлі дұрыс зерттелмегенін, бұл туралы қазақша аудитория үшін ешқандай ақпараттың жоқтығы қынжылтады. Жеке өзім бүгінгі шарадан осындай баланы тәрбиелеп отқан ата-ана ретінде көп ақпарат алдым, - дейді ата-ана.

Сондай-ақ гипербелсенді немесе зейін жетіспеушілігі бар балаларды тәрбиелеп отқан ата-аналарға мынадай кеңес берді.

Қазір баламның жасы 6-да. Жақында мектепке барады. Сол үшін психиатрдың қабылдауында болдық. Қазақ отбасылары психиатрдың көмегіне жүгінуді әбестік деп түсінеді. Ал мен айтар едім нақты ешкім диагноз қоя алмайды, тек психиатр маман балаңыздың жағдайын зерделей алады. Ең бастысы мұндай ерекшелікті баланың табиғатынан деп қабылдау керек. Жеке өзім бүгінгі шарадан осындай баланы тәрбиелеп отқан ата-ана ретінде көп ақпарат алдым, - деді Астана қаласының тұрғыны Назерке Ахметжанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «Болашақ» корпоративтік қоры
Өзгелердің жаңалығы