Ғиният Ұлытау облысындағы медициналық объектілерді аралады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлытау облысына жұмыс сапары шеңберінде Сәтбаев қаласындағы 143 төсекке есептелген ауруханасына барды, оның ішінде 118 тәулік бойы стационарлық блокта, 25 төсек стационарды алмастыратын медициналық көмек бөлімшесінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ведомство басшысы аурухананы аралап, медициналық ұйым басшылығымен қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша проблемалық мәселелерді талқылады. 

Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аурухананы жедел қарқынмен жөндеуді аяқтауды, ұйымның сыртқы аудитін жүргізуді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды. Әрі қарай А. Ғиният Сәтбаев қаласындағы қалалық емхананың жұмысымен танысты. 

Ведомство басшысы онкологиялық ауруларды ерте сатыларда анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, пациенттерді қолдау қызметтері арқылы халықпен өзара іс-қимылды жандандыра отырып, МСАК-тың озық практикаларын кеңінен енгізуді, сондай-ақ емдеуге жатқызу үшін пациенттердің нысаналы санатын айқындау мақсатында күндізгі стационарда емделген жағдайлардың құрылымын зерделеуді тапсырды.

Содан кейін министр Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада болды, онда аурухана директорының міндетін атқарушы аурухананың құрылымын, кадрлық-материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуін, стационар қызметі көрсеткіштерінің динамикасын таныстырды. 

Министр аурухананы аралап, қабылдау бөлмесінің, перзентхананың, инсульт орталығының және басқа да бөлімшелердің жұмысымен танысты.

 Өңірдің медициналық жұртшылығымен кездесу барысында министрге еңбекақы төлеу, өңірге келген жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі сұрақтар қойылды. 

Министр тұрғын үй мәселесі бойынша дәрігерлерге пәтер жалдау төлемдерін өтеу арқылы шешім табуды ұсынды.

 Ең бастысы-оларды жоғалтпау, қазір қолдау көрсету, - деп қосты ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы