Ғиният Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қостанай облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақ бойынша сапар бағдарламасы ауданның Б. Майлин атындағы Новоильиновка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке барудан басталады, содан кейін министр Рудный қаласының жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының жұмысымен танысады.
Одан кейін перинаталдық орталықты қамтитын Рудный көпсалалы ауруханасына бару жоспарлануда. Ведомство басшысы сапарының екінші күні ішінде Қостанай облыстық ауруханасының базасында медициналық жұртшылықпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан әрі министрдің халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен есеп беру кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы күтілуде, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте А.Ғиният журналистердің сұрақтарына да жауап береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоянды ауылында жаңа заманғы медициналық орталық ашылды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы