Ғиният елдегі ДДҰ-ның тұрақты өкілімен кездесті

Астанада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР ДДҰ-ның Тұрақты өкілі Скендер Сыла мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ведомство басшысы ДДҰ-ның Тұрақты өкілін тағайындалуымен құттықтап, жаңа елдегі осындай жауапты лауазымда кәсіби өсу мен шығармашылық табыс тіледі. 

А. Ғиният сұхбаттасушыны Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі негізгі бағдарламалармен таныстырып, ДДҰ-ның денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды кеңейту, сондай-ақ адамдардың қажеттіліктеріне бағдарланған қоғамдық денсаулық сақтауды күшейту жөніндегі бастамаларына толық қолдау білдірді. 

Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы 2022-2023 жылға арналған екі жылдық келісімді іске асырудың маңыздылығын атап өткім келеді, ол біздің алдағы екі жылға арналған Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен қызметіміздің негізін қалады, - деді Ажар Ғиният. 

Сонымен қатар, ол ДДҰ-мен инфекциялық емес ауруларды иммундау, профилактикалау және емдеу, репродуктивті денсаулықты сақтау, психикалық, неврологиялық және наркологиялық бұзылуларды емдеу сияқты бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жалғасатынына, сондай-ақ «2022-2025 жылдарға арналған Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдауға арналған Жол картасын» іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ДСМ
Өзгелердің жаңалығы