Ғиният Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір бойынша сапар бағдарламасы Ақкөл аудандық ауруханасына барудан басталады, онда министр осы медициналық ұйымның базасында медициналық жұртшылықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді. 

Содан кейін министр Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылының дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысады.

Көкшетау қаласына келгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Көпсалалы облыстық ауруханаға баруды, сондай-ақ облыс тұрғындарымен есептік кездесу өткізуді, азаматтарды жеке қабылдауды және өңірлік коммуникация қызметінің алаңында брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы