Гимнаст Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына екінші орынмен өтті
Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.
Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді
Келесі жаңалық
Қазақстандық әйгілі әнші "қара тізімге" енді
Өзгелердің жаңалығы