"Ғимараттар бүлінген жоқ". Министр Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы түнгі жер сілкінісі жайлы айтты, – деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сейсмологиялық бақылаулар мен зертетулер ұлттық орталығының дерегі бойынша, 23 қаңтар түнгі сағат 0.09-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекарасында жер сілкінісі тіркелді.
Таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 3 елеулі сейсмикалық жағдай тіркелген. Алматы қаласындағы максималды сезілуі — 5 балл, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында 2-3 балл, Жетісу облысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлінген ғимараттар мен құрылыстар болған жоқ, — деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы