Ғимарат төбесіндегі дрифт: Шымкенттік азамат көлікпен 12 қабатқа “көтерілді”

Шымкентте 12 қабатты ғимараттың үстіне шығып, дрифт жасаған жүргізуші анықталды. Қауіпті маневр адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіргені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шымкентте полицейлер 12 қабатты ғимараттың төбесіне автокөлікті шығарып, қауіпті маневрлер жасаған жүргізушіні ұстады. Оның әрекеттері адам өмірі мен денсаулығына қатер төндірген. Аталған бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы 10 тәулікке қамаққа алынды, көлік құралы айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері мұндай жауапсыз әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертеді, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда "отбасыңа қауіп төнеді" деп 700 мың доллар бопсалаған күдікті ұсталғанын хабарладық. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы