Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

 Қарағанды облысында су тасқыны кезінде елді мекендер үшін қауіп төндіруі мүмкін гидротехникалық құрылыстар анықталған. Олардың саны 50-ге жуық. Осы салаға жауапты мамандар көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын бастаған.

 Бүгінде аймақтағы гидротехникалық құрылыстарға баратын жолдар қардан тазартылған. Әр нысанға кәсіпорын қызметкерлері бекітілген. Алдағы уақытта тәулік бойы кезекшілік те ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Облыстық коммуналдық меншіктің барлық нысанында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілді. Мамандар су ағызуды тереңдетіп, кеңейтті, өзен арналарынан қоқыс шығарды. Сондай-ақ тосқауыл мақсатында жартасты топырақ төгіп, су өлшегіш сызғыштар орнатқан.

Сонымен қатар, Саран және Федоров су қоймаларында реттегіш шлюздері жөнделді. Биылғы жылы Топар және Тихоновка апаттық гидротехникалық құрылыстарына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Сондай-ақ оларды паспорттау және декларациялау жүргізілетін болады.

Өткен жылы Соқыр өзенін санацияланса, 2020 жылы Шерубай-Нұра және Топар өзендерін санациялауды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы