GGG жекпе-жектерден шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жекпе-жектерден уақытша шеттетілді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
5 қазан күні Нью-Йоркте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды.
BoxRec.com басылымының хабарлауынша, осы жекпе-жектен кейін Нью-Йорк штатының Атлетика комиссиясы Головкиннің рингке шығуына тыйым салды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген. Бұл «шеттетудің» себебі – спортшының қайта бабына келуі үшін жасалатын медициналық тұжырым.
Еске сала кетейік, екі боксшы да жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілген.
Эдди Хирннің айтуынша, Головкин қолынан жарақат алған көрінеді. Оның артынан Деревянченко да жекпе-жектерден шеттетілді.
Сондай-ақ, BoxRec.com басылымының мәліметінше, украиналық боксшы емделіп, қайта бабына келуі үшін рингке шығуына тыйым салынды. Тыйымның мерзімі белгіленбеген.