GGG мен «Канело» трилогиясынан кейін допинг нәтижесі шықты

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты,  деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар допингке қарсы VADA ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының «таза бокс» бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.

«Канело» Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткендігімен құттықтаймыз, – деп жазыпты допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: allboxing.ru
Өзгелердің жаңалығы