GGG – "Канело": Не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Sports Illustrated басылымының тілшісі Крис Мэнникс мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін уақытты атады, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшының сөзінше, қос боксшы арасында кезекті жекпе-жек өтуі мүмкін жалғыз сәт – билығы жылдың қыркүйек айы. Ал бұдан қалса Альварес - Головкин кездесуі мүлде өтпейді.

GGG – «Канело» арасындағы үшінші кездесу: не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді. Головкин келесі жекпе-жегінде жақсы қырынан көрінуі керек. Егер "Канело" қыркүйек айында онымен жекпе-жек өткізбесе, бұл кездесу ешқашан өтпеуі мүмкін, – деп жазды Мэнникс Twitter-дегі жеке парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы