GGG мен Деревянченконың жұдырықтасатын күні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы экс-әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) ресми түрде келесі кездесуін хабарлады.

GGG шаршы алаңға 5 қазанда оралады. Ол Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында украин Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жолығады. Жеңіске жеткені орта салмақтағы бос тұрған IBF титулына қол жеткізеді. 

"MSG шаршы алаңына оралатыныма қуаныштымын. Бұл жерді екінші үйім санаймын. 5 қазан қызықты кездесу күтіп тұр. Біз Madison Square Garden аренасында DAZN-мен бірге Big Drama Show жасаймыз. Нью-Йоркте кездескенше!", - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасында.

Головкин IBF тұжырымының титулына 2015 қазан айынан 2018 жылдың маусымына дейін иелік еткен. Бірақ былтыр Деревянченкомен кездеспегені үшін айырылып қалған болатын. Сосын 2018 жылдың қазан айында украин бос тұрған белбеу үшін АҚШ боксшысы Дэниэл Джейкобсмен (35-3, 29 КО) жолығып, жеңіліп қалғаны бар. Ал биыл мамырда Альвареспен жекпе-жек барысында осы титулын да ортаға салды. Бұл кездесуде "Канелоның" жолы болған еді. Жақында бұл тұжырымның өкілдері Альвареске Деревянченкомен кездесу керектігін айтқан болатын. Алайда, ол бас тартқаны үшін белбеу қайтадан бос қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы